Палестинаның қарсыласу қозғалысы сионистік қалашықтарды зымырандармен бомбалады
Палестинаның қарсыласу қозғалысы жұма күні кешке сионистік режимнің қылмыстары мен басқыншылықтарына жауап беріп, сионистік бірнеше қалашыққа зымыранмен шабуыл жасады.
Al-Alam ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Палестина қарсыласу қозғалысы Газа секторынан 10 зымыранды осы сектордың айналасында орналасқан сионистердің қалашықтарына атты.
Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауы бойынша, басып алынған Палестинаның оңтүстігінде қатер дабылы іске қосылды. Сионистер Палестина қарсыласу қозғалысының зымырандық шабуылынан сескеніп қалған. Бұл шабуылдар жайлы әлі нақты дерек жоқ.
Палестина қарсыласу қозғалысының зымырандық шабуылы сионистердің жұма күні Газа секторында жасаған қылмыстарына жауап болды. Жұма күні 5 палестиналық Газа секторында "Оралу құқығы" атты бейбіт шеруде сионистік әскерилердің оғынан қайтыс болып, 120 адам жараланды.
"Оралу құқығы" атты бейбіт шеру осы жылдың 30 наурызында Газа секторында Жер күніне орай басталып, әлі күнге дейін жалғасып келеді.
30 наурыздан осы уақытқа дейін бұл шеруде 200-ден астам палестиналық Израиль әскерилерінің оғынан көз жұмып, 22 мыңға жуық адам жараланды.
Жер күніндегі палестиналықтардың шеруі сионистік режимнің 1976 жылдың 30 наурызында палестиналықтардың жерлерін тәркілеуге шешім қабылдаған күнін еске түсіреді. Бұл шеру жыл сайын өткізіледі.
Израиль режимі палестиналықтардың жерлерін тәркілеп, ол жерлерге сионистік қалашықтар салу арқылы палестиналық аудандардың географиялық құрылымына өзгеріс енгізіп, оларға сионистік сипат беруді көздеу арқылы палестиналық аудандарға өз үстемдігін күшейткісі келеді.