Дамаск Ұлттық мұражайы 7 жылдан кейін қайта ашылды
Қаз 29, 2018 11:33 Asia/Almaty
Сириядағы соғыс салдарынан көне ескерткіштердің жойылу қаупіне байланысты жабылған Дамаск Ұлттық мұражайы 7 жылдан кейін есігін келушілердің алдынан қайта ашып, көне әрі бағалы ескерткіштерін баршаның назарына ұсынды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дамаск Ұлттық мұражайы директорының орынбасары Ахмад Диб мыңдаған жылдар бойғы Сириядағы өркениеттерден қалған бағалы экспонаттар жиынтығын қамтитын мұражайдың қайта ашылуына тоқталып, мұражайда тарихқа дейінгі, ежелгі тарих, классикалық кезеңдер және ислам дәуіріне жататын ескерткіштер жиынтығының көрмеге қойылатынын айтты.