Ердоған Арабстанның жоғары басшыларының Хашоғджиді өлтіру ісіне қатысы болғанын мәлімдеді
(last modified Sat, 03 Nov 2018 12:53:04 GMT )
Қар 03, 2018 18:53 Asia/Almaty
  • Ердоған Арабстанның жоғары басшыларының Хашоғджиді өлтіру ісіне қатысы болғанын мәлімдеді

Түркия президенті "Сауд Арабиясының Джамал Хашоғджидің өліміне қатысты жауап беруі тиіс сауалдар" деп аталатын The Washington Post газетінде жариялаған мақаласында саудиялық журналисті өлтіруге қатысты Түркияның көзқарасын жариялады.

Anadolu ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Режеп Тайып Ердоған мақаласында: "Анкара Хашоғджиді өлтіру туралы бұйрықтың Сауд Арабиясының ең жоғары басшылары тарапынан берілгенін жақсы біледі. Алайда, бұл тілшіні өлтіру туралы бұйрықты Арабстанның королі Малек Салманның өзі берді деген мәселеге әрине ешкім сене қоймас.

Хашоғджидің мүрдесі қайда деген секілді сұрақтардың жауабы әлі белгісіз қалып отыр. Себебі, саудиялық тарап бұл сұрақтарға жауап бермейді",- деді.

Түркия президенті сөзінің жалғасында саудиялық басшылардың Хашоғджиді алдын ала жоспармен өлтіргенін бүркемелеу мақсатындағы талпыныстарын жалғастырып жатқанын өкінішті деп атады.

 

 

Тегтер