Зариф: D8 тобының сауда айналымында ұлттық валютаны пайдалануға мүмкіндік жасалды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i39744-Зариф_d8_тобының_сауда_айналымында_ұлттық_валютаны_пайдалануға_мүмкіндік_жасалды
ИИР Сыртқы істер министрі даму үстіндегі ислам елдерінің D8 тобының сауда айналымында ұлттық валютаны пайдалануға мүмкіндік жасалғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 04, 2018 16:20 Asia/Almaty

ИИР Сыртқы істер министрі даму үстіндегі ислам елдерінің D8 тобының сауда айналымында ұлттық валютаны пайдалануға мүмкіндік жасалғанын хабарлады.

Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Түркияның Анталия қаласында D8 тобына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің он сегізінші отырысы аясында сөйлеген сөзінде осы отырысқа қатысушылардың келісімі бойынша мүше елдер арасында ұлттық валютамен алмасуға қатысты ортақ палата құрылатынын айтты.

Зариф D8 тобына мүше елдердің ғылым мен технология саласында әріптестік жасаудың осы топқа мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің он сегізінші отырысында қабылданған қаулыларының бірі екенін айтып: «ИИР Хамаданда D8 тобының халықаралық университетін ашу туралы ұсыныс жасады. Ұсыныс мүше елдердің қолдауына ие болды»,-деді.