Түркияда Хашоғджидің мүрдесін қышқылға салғандардың есімдері белгілі болды
Al Jazeera арнасы жұма күні Түркиядағы бір ақпарат көзіне сілтеме жасап, саудиялық сыншы, журналист Джамал Хашоғджидің мүрдесін қышқылға салған үш адамның есімін жариялады.
Fars ақпарат агенттігінің жұма күнгі Al Jazeera арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Махер әл-Мотреб, Салаһ әл-Табиқи және Зоар әл-Харби Стамбұлдағы Сауд Арабиясы консулдығында саудиялық тілші Джамал Хашоғджиді өлтірген адамдар ретінде танылған.
Бейсенбі күні де Түркияның Бас прокуратурасындағы бір ақпарат көзі Стамбұлдағы Сауд Арабиясы бас консулының үйінде қышқыл мен басқа да химиялық заттардың қалдықтарының табылып, жүргізілген тергеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес, Джамал Хашоғджидің мүрдесінің қышқылға салып, еріту арқылы толығымен жойылғанын хабарлады.