Катар АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларын сынады
Жел 17, 2018 14:42 Asia/Almaty
Катар СІМ АҚШ-тың ИИР-на қарсы біржақты әрі қатыгез санкцияларын сынады.
IRNA ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі таңертең хабарлауы бойынша, Шейх Мұхаммад ибн Абдурахман әл-Тәни АҚШ-тың CNN арнасына берген сұхбатында Вашингтонның Иранға қарсы біржақты санкцияларын тілге тиек етіп, санкцияларды қиындықты шешетін жол емес деп атады.
Катар СІМ аймақтың келесі текетіреске шыдай алмайтынын айтып, АҚШ-тан келіссөздер үстеліне қайта отырып, дипломатиялық шешім жолын ұсынуын сұрады. Шейх Мұхаммад ибн Абдурахман әл-Тәни сұхбатының басқа бөлігінде Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің Таяу Шығыс аймағындағы әрекеттерін сынап, Сауд Арабиясынан Йемен халқына қарсы шабуылын доғаруды сұрады.