Жел 30, 2018 17:32 Asia/Almaty
  • Сирия армиясы Ташрин стратегиялық бөгетін өз бақылауына алды

Сирия армиясы Алеппо облысының солтүстігіндегі Евфрат өзенінің үстіне салынған Ташрин стратегиялық бөгетін Сирия демократиялық күштерімен жасалған келісім негізінде өз бақылауына алды.

"Спутник" ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, Сирия армиясының бөлімшелері Манбидж келісіміне сәйкес сенбі күні кешке осы бөгеттің маңы мен үстіне орналасты.

Түркия Сирияның солтүстігіндегі күрдтердің позицияларына шабуылдау туралы қоқан-лоққы жасағаннан кейін Халықты қорғау бөлімшелерінің орталық басқармасы (YPG) өткен аптадағы бір мәлімдемесінде күрдтерді жер, шекара мен халық тұрғысынан Сирияға тиесілі деп атап, Сирия армиясынан Манбидж ауданын бақылауға алу арқылы бұл қаланың халқын Түркиядан қорғауды сұрады.  

 

Тегтер