Сионистер 2018 жылы 312 палестиналықты өлтірді
(last modified Thu, 03 Jan 2019 10:00:43 GMT )
Қаң 03, 2019 16:00 Asia/Almaty
  • Сионистер 2018 жылы 312 палестиналықты өлтірді

Сионистік режимнің 2018 жылда жасаған қылмыстарын тіркеумен айналысқан бір палестиналық ұйым сионист әскерилердің өткен жылы 312 палестиналықты өлтіріп, шамамен 31500 адамды жаралағанын хабарлады.

Палестинаны азат ету ұйымына қарасты Абдулла әл-Хурани зерттеу орталығы сәрсенбі күні сионистік режимнің 2018 жылы жасаған қылмыстарын баяндап: «2018 жылы сионистердің қолынан қаза тапқан 312 палестиналықтың арасында 57 бала мен 3 әйел бар. Олардың 262-сі Газа секторында, 50 палестиналық Иордан өзенінің батыс жағалауында шәһид болды»,-деп хабарлады.

Осы зерттеу орталығының жылдық есебі бойынша, сионистердің 2018 жылғы соғысы 2017 жылмен салыстырғанда 200 пайызға артқан, сионистер әлі күнге дейін қарсыласу тобының 38 адамының мәйітін жанұяларына қайтармаған.

Абдулла әл-Хурани зерттеу орталығының хабарлауы бойынша, 2018 жылы сионистердің шабуылдары барысында Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторында 31500 палестиналық жараланған. Олардың 26 мыңға жуығы Газаның шекарасында «Оралу құқығы» шерулері кезінде жараланды.