Сионистік режим Иранға қарсы уәждерін қайталады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i40953-Сионистік_режим_Иранға_қарсы_уәждерін_қайталады
Соңғы күндері АҚШ пен оның одақтастары Иранның ғылыми-зерттеу мақсатында жер серігін ұшыруын Иранның зымырандық бағдарламасын қауіпсіздікке төнген қауіп деп таныстыруға сылтау етті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 21, 2019 12:30 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Иранға қарсы уәждерін қайталады

Соңғы күндері АҚШ пен оның одақтастары Иранның ғылыми-зерттеу мақсатында жер серігін ұшыруын Иранның зымырандық бағдарламасын қауіпсіздікке төнген қауіп деп таныстыруға сылтау етті.

Бұл топтар Иранның жер серігін тасымалдайтын зымыран ұшыруын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшы деп атап, бұл сынақтардың ядролық қару-жарақтарды тасымалдай алатын зымырандарды қамтитынын мәлімдеді.

Батыс Азия аймағындағы ядролық қаруға ие жалғыз ел әрі халықаралық ұйымдарға өзінің атомдық бағдарламасына тексеру және бақылау жүргізуге рұқсат бермейтін сионистік режим Қауіпсіздік кеңесіне жолдаған хатында Иранның зымырандық және аэро-ғарыштық бағдарламасымен күресу қажеттігін қуаттады.

БҰҰ-дағы сионистік режимнің өкілі Дани Данон Қауіпсіздік кеңесіне жолдаған хатында ирандық жер серігін тасымалдаушы зымыранның ғарышқа ұшырылуын Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын ашық түрде бұзу деп, Иранның зымырандық бағдарламасымен күресуді сұрады. Дани Данон Иранның бұл әрекетін құрлықаралық зымыран жасау жолындағы келесі қадам деп атады.

Сионистік режим шынымен аймақ қауіпсіздігі үшін алаңдап отыр ма деген сауал туады. Израильдің аймақ қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіруі мен «Иранның зымырандық әлеуеті аймақ үшін қауіп төндіреді» деген уәжі шынтуайтында қоғамдық пікірді алдау ғана. Израиль өзінің зымырандық әлеуетін үнемі арттырып отырған жағдайда Иранның зымырандық қорғаныс бағдарламасына алаңдаушылық білдіріп отыр. 200-300 ядролық оқтұмсыққа ие Израиль Таяу Шығыста ядролық қаруға ие жалғыз мемлекет саналады. Қазір өтірікшілер қаншама жылдан бері Иранның ядролық қаруға қол жеткізуді көздеп отырғаны туралы қырық өтірігімен әлемді алдап келеді. Израильдің БҰҰ-дағы өкілінің хаты Израиль премьер-министрінің БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында бірнеше мәрте мәлімдеп, халықаралық қауымдастықтың күлкісіне айналған масқара уәждерінің жалғасы. Нетаньяху өткен жылы БҰҰ Бас ассамблеясында Теһранның ескі аудандарында орналасқан кілем жуатын жердің суретін көрсетіп, сол жерде Иранның жасырын құрылыстары мен атом қару-жарақтары мен құрал-жабдық қоймасы бар деген уәж айтқан.

Америкалық сарапшы Гарет Портер былай дейді: "Шындық мынада: аймақтағы қауіп төндіруші фактор – АҚШ-тан соғыс қаруларын сатып алуға бар күштерін салып жатқан мемлекеттер. Қазір халықаралық қауымдастықты «Бар күшімен соғыс қарулары мен құрал-жабдықтарын аймаққа әкеліп жатқан мемлекет тұрақсыздық тудырып, қауіп төндіріп отыр ма, әлде жалпы санкцияларға байланысты қару сатып алу мүмкіндігі жоқ Иран ба?" деген сауал мазалайды.

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) ресми есептерінде Иранның ядролық белсенділіктерінің бейбіт сипатта екенін үнемі растап жатқанына қарамастан, Израиль басшылары өздерінің жалған уәждерін қайталауға табандылық танытып отыр. Израиль режимі басшыларының қырық өтірігі халықаралық ұйымдарды қорлап, БҰҰ теріс пайдалану саналады. Дағдарысқа ұшыраған Батыс Азия аймағы батыс елдерінің аймақ елдеріне жүздеген миллиард доллар көлемінде қару-жарақ экспорттауы мен Израильдің басқыншылығына байланысты масқара адами апатқа куә болып отыр. Дәл осы мәселеге ИИР-ның ғылыми және жергіліктендіру әрекеттерінен бетер алаңдаушылық білдірген жөн болар.