ХАМАС палестиналықтарды Дүниежүзілік Құдс күнінде шеруге шығуға шақырды
(last modified Mon, 27 May 2019 13:43:50 GMT )
Maм 27, 2019 19:43 Asia/Almaty
  • ХАМАС палестиналықтарды Дүниежүзілік Құдс күнінде шеруге шығуға шақырды

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) ақпарат өкілі палестиналықтарды "Дүниежүзілік Құдс күні" деп аталған рамазан айының соңғы жұма күнінде шеруге кең түрде қатысуға шақырды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Абдулатиф Кану жексенбі күні Палестина халқының Дүниежүзілік Құдс күнінде шеруге кең түрде қатысуы қажеттігін айтып, бұл шерудің мақсатын Қасиетті Құдстың ислам мен арабға тиесілі екенін жеткізу, Құдсты еврейлендіруге қарсылық білдіру, Палестина мәселесін жоюға бағытталған барлық жобалар, соның ішінде "Ғасыр мәмілесі" жобасына қарсы тұру деп атады.

Кану: "ХАМАС Палестина қоғамындағы барлық топтармен әріптесе отырып, "Ғасыр мәмілесі" жобасына қарсы тұруға және оның орындалуының алдын алуға талпынып жатыр. Осы америкалық жоба мен Палестинаға қарсы басқа қастандықтармен күресу үшін палестиналық топтармен ортақ ұлттық жоба жасауға қатысты кеңестерді жалғастырып жатыр",-деп қуаттады.

Дүниежүзілік Құдс күнінің шеруі 2019 жылдың 31 мамырында, сәйкесінше х.қ.ж.с.б. 1440 жылдың рамазан айының 26 күні Иран және әлемнің басқа елдерінде өткізіледі.  

Тегтер