«Ғасыр мәмілесі» - сұм мәміле және Палестина құқыларын бұзатын қылмыс
(last modified Tue, 28 May 2019 14:19:16 GMT )
Maм 28, 2019 20:19 Asia/Almaty
  • «Ғасыр мәмілесі» - сұм мәміле және Палестина құқыларын бұзатын қылмыс

Палестина Автономиялық құрлығы басшысы америкалық «Ғасыр мәмілесі» жобасының экономикалық тұрғысын талқылау мақсатпен өтетін Бахрейн отырысының жақындауына тоқталып: ««Ғасыр мәмілесі» немесе «Сұм мәміле» және Бахрейннің экономикалық отырысы, екеуі де тозаққа жетеді»,- деді.

Палестина Автономиялық құрлығы басшысы Махмуд Аббас «Ғасыр мәмілесінің» іске асырылмайтынын және Палестина мәселесінің тек саяси жолмен шешілетінін қуаттады. «Ғасыр мәмілесі» жобасының іске асырылуының басты кезеңі деп жарияланған Бахрейн отырысы ағымдағы жылдың 25-26 маусымды Манамада өтеді. Бұл отырыс кейбір араб режимдерінің аталмыш жобаны қолдаулары және сионистік режиммен қарым-қатынастарын бір қалыпқа келтіру негіздерінше жобаланды.  

2017 жылдан бері «Ғасыр мәмілесі» жобасын баяндап келе жатқан АҚШ Президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясы, Бахрей және Біріккен Араб Әмірлігіне қысым көрсетіп, бұл жобаның экономикалық қаржысын қамтамасыз етуге әрекеттенуде. Палестина мәселелері эксперті Салман Разави АҚШ-тың «Ғасыр мәмілесі» жобасы туралы: «Кейбір араб мемлекеттері  аталмыш жобаның іске асырылуы қаржысы төлейді. Яғни жобаның 20 пайызын АҚШ, 10 пайызын Еуропа және 70 пайызын арабтар төлейді»,- деді. Бұл мәселеге назар аударып, АҚШ-тың Палестина тарихына ешбір қатысы жоқ «Ғасыр мәмілесі» жобасын араб мемлекеттері қаржысымен іске асырғысы келетіні анық көрінеді. АҚШ-тың кейбір араб мемлекеттерін, атап айтқанда Сауд режимінің қауіпсіздігін қолдауы бұл елдерді Палестина армандарына қиянат жасау жолына итермелейді. Бахрейндік діндар және күресші мәлімдемесінде: «Ғасыр мәмілесі» жобасын ұсынудын мақсаты АҚШ, сионистік режим және кейбір араб басшыларының Палестина мәселелеріне қарсы ортақ қастығының белгісі»,- деді.

«Ғасыр мәмілесі» жобасы Палестина армандарының басты негіздеріне немқұрайдылық білдіріп, көбінде үгіт-насихат мақсатты көздейді. Сонымен бірге АҚШ-тың Палестинаға қатысты бұрынғы жобалары тұйыққа тірелді. Бітім келіссөздері АҚШ-тың сол кездегі үкіметінің қолдауының анық үлгісі болды. Бірақ нәтижеге жетпеді. АҚШ-тың Палестина мәселесіне қатысты бұрынғы жобаларының сәтсіздікке ұшырауларына назар аударып, «Ғасыр мәмілесі» жобаның палестиналық халық пен барлық топтарының  және Палестина армандарын жақтайтын елдердің бірлігімен іске асырылмай, тек қағаз бетінде қалады. Миллиондаған палестиналық босқындардың құқыларына немқұрайдылық көрсету, қарсыласу ағымын қарусыздандыру, армиясыз Палестина үкіметін құру, басып алынған Құдсы еврейлендіру АҚШ-тың «Ғасыр мәмілесі» жобасының баптары. Оларды тіпті бір палестиналық топ қабылдамады.

 

Тегтер