Құдс – әлемдік үстемшілдікпен күрестің символы
Палестина интифазасын қолдау халықаралық конференциясының тұрақты хатшылығы: «Қазіргі Құдс – әлемдік үстемшілдікпен күрестің символы. Күрескерлер табанды қарсыласып, шәһид болу арқылы Құдстың басқыншы сионистік режимнің астанасы деп біржақты әрі заңсыз жариялануының сахналанған көрініс болғанын дәлелдеді», деп мәлімдеді.
Палестина интифазасын қолдау халықаралық конференциясының тұрақты хатшылығы сәрсенбі күні Дүниежүзілік Құдс күніне орай жасаған мәлімдемесінде: «Палестина қарсыласу қозғалысы сионистік режимді жер жастандырмағанда бұл режим Мысырдан бастап Иордания, Ирак пен Парсы шығанағына дейінгі жерлерге ауыз салар еді»,‑деді.
Бұл мәлімдемеде: «Сауд Арабиясы, Бахрейн мен БАӘ‑нің Палестинаның мыңдаған жастары, әйелдері мен балаларының жетпіс жыл бойы табандылықпен күресіп, шәһид болғанына қарамай, ашық түрде қиянат жасауы, сионистермен қарым‑қатынасты қалыптандыруға тырысуы, «Ғасыр мәмілесі» жобасын ілгерілету үшін Манамадағы сияқты отырыстарды өткізуінің жауапсыз қалмайтыны анық. Бұл елдердің қырағы әрі хабардар халықтары Құдс пен Палестинаны жақтап шеруге шығады»,‑делінген.