Құдс күні – «Ғасыр мәмілесі» жобасын жоятын қарсыласудын көрінісі
(last modified Fri, 31 May 2019 13:25:45 GMT )
Maм 31, 2019 19:25 Asia/Almaty
  • Құдс күні – «Ғасыр мәмілесі» жобасын жоятын қарсыласудын көрінісі

Палестина халқының интефазасын қолдау халықаралық конференция ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі хатшысының сөзі және Газадағы қарсыласу қозғалысты қолдауымен өтті.

Палестина халқының интефазасын қолдау халықаралық конференция Дүниежүзілік Құдс күнінен бір күн бұрын америкалық «Ғасыр мәмілесі» жобасына қарсы қарсыласуды қолдау мақсатпен Газа қаласында өтті. Бұл конференцияда Палестинаның қарсыласу қозғалысының басшылары ИИР-ның қарсыласуға қолдау көрсетун мадақтап, бұл қолдауды қарсыласудың күшейюінің себебі деп тапты. Палестинаның Исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың саяси бюросының хатшысы Яхья әл-Сенвар Газа секторында өткен Палестина халқының интефазасын қолдау халықаралық конференцияда: «Егер Иранның қолдаулары болмағанда, осы кезде Палестинаның исламдық қарсыласуы мұндай құдыретке ие болмайтын еді»,- деді. Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғар кеңесі хатшысы Әли Шамхани де бұл басқосуда: «ИИР бетпе-бет келіп отырған қиындықтары мен санкцияларына қарамастан, әсіресе Палестинаның қарсыласу топтарын қолдауды жалғастырады. Палестинаның қарсыласу қозғалысы осы кезде сионистік режимге қысым көрсетіп, бұл режим Газа секторында бастаған құрылысын тоқтатуға мәжбүр болуда.  Палестина халқының табанды болуы мен Иранның оларды қолдауы теңгерімді палестиналықтардың мүдделеріне қарай өзгертті. Бұл үдерістің жалғасуы АҚШ-тың «Ғасыр мәмілесі» жобасының іске асырылуын мүмкін емес қылады.

Иран Ислам революциясы жеңіске жеткен соң қасиетті рамазан айының соңғы жұмасын «Дүниежүзілік Құдс күні» деп атап, Палестина құқылары мен армандарын қолдайтынын және Палестина мәселесіне қатысты мәмілелерге қатысуға дайын екені туралы жариялады. Иран өткен 40 жылда саяси және дипломатиялық орталарда Палестина халқы құқығы мен Құдсты қолдап, палетсиналық қарсыласу  топтардың рухани және материалдық демеушісі болды.

Йеменнің Ансаралла қозғалысының Бас хатшысы Сейед Абдолмалек Бадраддин әл-Хуси «Иран Палестина мен Ливандағы қарсыласудын негізгі демеушісі» деп баяндап: «Имам Хомейнидің қасиетті рамазан айының соңғы жұмасын Дүниежүзілік Құдс күні деп атауы қырағы шешім болып, қарсыласу топтардың күшеюі, Палестинаның азат етілуі және сионистік режимнің сәтсіздікке ұшырауына деген сенімге себеп болды»,- деді. Осы кезде де АҚШ пен кейбір араб режимдерінің «Ғасыр мәмілесі» жобасын жүзеге асыру әрекеттері Палестинаға қолдау көрсету мәселенің маңызын екі есе арттырды.  Тәжірибе Палестина мәселесінің тек қарсыласу аясында  шешілетінін көрсетті. «Ғасыр мәмілесі» жобаның Палестинаның армандары мен палестиналық босқындар құқыларына немқұрайдылық білдіруіне байланысты қарсыласу және оған жан-жақты қолдау көрсетудін жалғыз күрес жол екені  анықталды. Бүгін Дүниежүзілік Құдс күнінде ««Ғасыр мәмілесі» сәтсіздікке ұшырап, Палестина жағдайы тұрақталсын» деген ұранымен өткен шерулер Иран мен басқа исламдық, тіпті еуропалық және америкалық елдердің Палестинаның қарсыласуын қолдауларының бірлігі мен біртұтастылықтарының көрінісі болды.                                                                                                             

Тегтер