Ирак халқы Бахрейн елшілігінің алдына шеруге шығып, Палестина туын көтерді
(last modified Fri, 28 Jun 2019 10:51:54 GMT )
Маусым 28, 2019 16:51 Asia/Almaty
  • Ирак халқы Бахрейн елшілігінің алдына шеруге шығып, Палестина туын көтерді

Ирак халқы Манамада өткен Палестинаға қарсы соңғы отырысқа наразылығын білдіріп, кеше, бейсенбі күні Бағдадтағы Бахрейннің елшілігінің алдына шеруге шықты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ирак халқы бұл шеруде ұранданып, америкалық «Ғасыр мәмілесі»  жобасы мен Манама отырысына қарсылығын жариялады. Кейбір шерушілер Бахрейн елшілігі ғимаратының үстіне шығып, Бахрейнның туының орнына Палестина туын орнатты. Ирактық наразылар сондай-ақ сионистік режим, Бахрейн, АҚШ туралы мен Трамптың суретін өртеді. Ирак қауіпсіздік күштері бірнеше минуттың ішінде Бахрейн елшілігіне баратын барлық жолдарды жауып, халықты ыдыратты.

Бахрейн Ирак халқының әрекетіне реакция білдіріп кеңесу үшін, Бағдадтағы елшісін шақыртты. Ирактық көздер 54 наразының қамауға алынғаны туралы хабарлады.

Тегтер