Сейед Хасан Насролла: Қарсыласу басқа әр уақыттан күштілеу
(last modified Sat, 13 Jul 2019 07:56:25 GMT )
Шіл 13, 2019 13:56 Asia/Almaty

Ливан Хизболласы Бас хатшысы жұма күні кешке өз елінің «Әл-Минар» телеарнасына берген сұхбатында санкциялар мен қысымдарға қарамастан қарсыласу ағымының күннен күнге күшейуі мен алға ілгерлеуін қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Хасан Насролла қарсыласу ағымының білім, әскери жаттығу және рухани даму жағынан алға ілгерлеуіне тоқталып: «Басқа кезеңдермен салыстырғанда қазіргі кезде дұшпан қарсыласу ағымынан көбірек қорқады. Қарсыласу ағымы зымырандарымен Израильді алғашқы қауымдық құрылысына қайтара алады»,- деді.

Ливан Хизболласы Бас хатшысы  АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары мен қысымдарына тоқталып: «Ирандықтар еш уақытта эмбарго мен санкцияларға бағынбайды»,- деп қуаттады.

Сейед Хасан Насролла АҚШ-тың Иранға қарсы әскери әрекетіне ескерту жасап: «ИИР-на қарсы соғыс басталса, өрт бүкіл аймаққа таралады. Теһран еш уақытта жалғыз қалмайды»,- деп қосты.

 

Тегтер