Халифе әулеті 68 топты лаңкестік деп атады
Сәу 12, 2016 20:00 Asia/Almaty
Бахрейн режимі осы елде 68 топ пен саяси белсенді қозғалыстарды лаңкестік топтардың тізіміне енгізді.
Халифе әулеті режимінің тізімінде Ливан Хезболласы, Бахрейндегі үш революциялық топ, соның ішінде «14- ші ақпан» революциялық коалициясы, «Сарайа әл- Аштар» және халықтық қарсыласу топтары, «әл- Каида», «ән-Носрат» майданы, Нигериядағы «Бокохарам», «Мысырдың исламдық жиһады» мен Малидегі «Марабетун» тобы лаңкестік топтардың тізіміне енгізілген. Бахрейн 2011 жылғы халықтық көтерілісті басып-жаншыған кезден қазірге дейін бейбіт наразылық акцияларының сахнасына айналып отыр.