Сирия армиясы Идлиб облысындағы Хан Шейхун қаласына кірді
(last modified Tue, 20 Aug 2019 21:41:23 GMT )
Там 21, 2019 03:41 Asia/Almaty
  • Сирия армиясы Идлиб облысындағы Хан Шейхун қаласына кірді

Сирия армиясы жексенбі күні кешке (18 тамызда) Идлиб облысының оңтүстігіндегі Хан Шейхун қаласына кірді.

Идлиб облысы – лаңкестік топтардың бақылауындағы соңғы сириялық облыс. Идлибті лаңкестік топтардан тазартуды бастау жолында жасалған көптеген бүлдіргі әрекеттерге қарамай, Сирия армиясы 2019 жылдың мамыр айында Идлиб облысын азат етуді бастады.

Өткен 3 айдың ішінде маңызды жеңістер болса да, Хан‑Шейхунға кіру ең елеулі жеңіс саналады, өйткені бұл қаланың маңыздылығы зор.   

Географиялық тұрғыдан Хан‑Шейхун Идлиб облысының шығысы, батысы мен солтүстігі тоғысқан жер саналады. Оны бақылауға алу Алеппо мен Дамаск арасындағы маңызды күре жолды ашуға мүмкіндік беретін алғашқы қадам болмақ.  Алеппо – Сирияның экономикалық астанасы, ал Дамаск елдің саяси астанасы саналады. Бұл екі қаланың байланысы Сирия жүйесінің күш‑қуатын арттырады.

Келесі маңыздылық Хан‑Шейхунның географиялық жағдайының әскери әсеріне қатысты. Әскери тұрғыдан Хан‑Шейхунды азат ету Сирия армиясының солтүстікке, яғни Куфрсанджа мен Мааррет эн‑Нууман елді мекендеріне қарай оңай ілгерілеуіне жол береді. Бұл аудан Сирияны солтүстік, оңтүстік, шығыс және батыстағы халықаралық жолдармен байланыстырады. Сонымен қатар Ливанның «әл‑Ахбар» газеті өз сараптамасында: «Сирия армиясының күштері Идлиб облысының оңтүстігіндегі ең маңызды қала Хан‑Шейхунды қайтару арқылы Хаманың солтүстігіндегі Куфрзита, әл‑Латамана және Мурек үштігін қоршауға алып, онда қарулы лаңкестердің үстемдігін доғара алады»,‑деп жазды.

Ливанның «әл‑Бана» газеті: «Сирия армиясының бұл шарасымен лаңкестерде өлу немесе Хамадағы аудандардан кетуден басқа амал қалмайды. Осылайша Сирияның солтүстігіндегі Хама қаласы толығымен азат етіледі»,‑деп жазды.

Бастысы, Хан‑Шейхунды азат ету Идлиб облысын лаңкестік топтардан тазартудың маңызды кезеңі саналады.

Идлиб облысын азат ету Сирия жүйесі үшін және осы елдің дағдарысына қатысы бар шетелдік ойыншылар үшін маңызды. Сирия жүйесі үшін мына тұрғыдан маңызды: Идлиб облысын азат еткенде лаңкестік топтардың бұл елде болуын доғарады және Сирияның бүкіл аумағына бақылау жүгізетін болады. Идлиб облысының азат етілуі Сирия жүйесі үшін қаншалықты маңызды болса, оның азат етілмеуі шетелдік ойыншылар үшін соншалықты маңызды. Өйткені оның азат етілуі Сирия армиясы мен оның одақтастарының лаңкестік топтар мен олардың демеушілерін толық жеңгенімен бірдей. Сол себепті Идлиб облысының азат етілуі Сирия жүйесінің осы елге қатысты келіссөздердегі, соның ішінде Астана  келіссөздеріндегі позициясын нығайта түседі.

Сондықтан Түркия мен АҚШ жаңа шарада Сирияның солтүстігінде қауіпсіз аймақ құруға келісті.

Тегтер