Башар Асад Идлибтің оңтүстігіндегі соғыс аймақтарына барды
Қаз 22, 2019 20:24 Asia/Almaty
Сирия Президенті өз елі армиясының бірқатар қолбасшысымен Идлиб облысындағы лаңкестік топтарға қарсы соғыс жүріп жатқан аймақтарға барды.
"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сирия Президентінің кеңсесі бүгін сейсенбі күні Башар Асадтың Идлиб облысына барып, облыстың оңтүстігіндегі әл-Хабит соғыс аймағында елінің әскерилерімен кездескенін хабарлады. Идлиб облысы – лаңкестік топтар мен Түркия қолдайтын қарулы күштердің бақылауында қалған Сирияның жалғыз облысы.