Зариф Палестинаны сионистік режимді атысты тоқтату бітімін қабылдауға көндіре алуымен құттықтады
(last modified Mon, 18 Nov 2019 09:23:12 GMT )
Қар 18, 2019 15:23 Asia/Almaty
  • Зариф Палестинаны сионистік режимді атысты тоқтату бітімін қабылдауға көндіре алуымен құттықтады

Иран Сыртқы істер министрі Палестина халқы мен қарсыласу қозғалысын сионистік режимді атысты тоқтату бітімін қабылдауға көндіре алуымен құттықтады.

ИИР СІМ-нің ақпарат департаментінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Зияд әл-Нахалмен телефон арқылы сұхбатында сионистік режимнің Палестина халқына, әсіресе Газа секторында жасаған соңғы басқыншылығын айыптады.

Палестина исламдық джиһад қозғалысы өткен сәрсенбіде Израильмен арада атысты тоқтату бітімін қабылдау үшін шарттар қойды.

Террорды тоқтату, Газа шекараларына жақын маңда "Оралу құқығы" шеруіне шабуылды тоқтату және Израильдің Газа секторының қоршауын жоюға қатысты келісімдерге берік болуы – атысты тоқтату бітімі үшін қойылған шарттардың бірі.

Бейсенбі, 14 қарашада Палестина исламдық джиһад қозғалысы мен сионистік режим Мысырдың өтінішімен атысты тоқтату бітімін қабылдауға келісті.

Тегтер