Жел 15, 2019 18:51 Asia/Almaty
  •  Азия дипломатиясы АҚШ пен лаңкестердің авантюристік әрекеттерін жеңіліске ұшыратты

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани Ресей, Түркия мен Иранның Сирия мәселесін шешудегі рөлін Азия дипломатиясының үлгісі деп атап: "Бұл белгілі бір дәрежеде АҚШ пен лаңкестердің ортақ авантюристік әрекеттерін жеңіліске ұшыратты",-деді.

Әли Лариджани сенбі күні кешке Түркияның Анталия қаласындағы Азия парламентаралық ассамблеясының 12-ші отырысында Азия дипломатиясының халықаралық деңгейде ең белсенді әлеуеттерге ие екенін айтып: "Қытаймен тарифтік соғыс, Ресей мен Иранға санкция салу, Түркияға қиындық тудыру, аймақ елдерінің кейбіреуінен баж алу сияқты жауластық қатынастар Батыс елдерінің, әсіресе АҚШ-тың Азия елдері позициясының ауысуына төзе алмайтынын көрсетеді",-деді.

Лариджани АҚШ-тың кейбір бүлдіргі әрекеттеріне, соның ішінде лаңкестерге қолдау көрсетуі мен аймақта тұрақсыздық тудыруына тоқталып: "Бұл салада Азия елдері арасында сауда құрылымдарын құру, ақша алмасу, әскери-қауіпсіздік келісімдерін жасау және ғылыми-технологиялық әріптестіктерді арттыруға бұрынғыдан бетер қажеттілік туындап отыр",-деді.

Тегтер