Сардар Солеймани қарсыласу қозғалысының ең мықты ту ұстаушысы болды
Ливан Хизболласының бас хатшысы Ислам революциясы Сақшылар корпусының "Құдс" арнайы жасағының қолбасшысы сардар Ғасем Солейманиді қарсыласу қозғалысының ең мықты ту ұстаушысы болғанын айтты.
Сейіт Хасан Насролла кеше жексенбі күні шәһид сардар Солеймани мен оның майдандастарының жерленгеніне жеті күн толу рәсімінде сөйлеген сөзінде: "Қажы Ғасем Солеймани джиһадтық қолбасшы болды. Егер ДАИШ Иракта жеңіске жеткенде, бүкіл аймаққа қауіп төндірер еді. Шәһид Ғасем Солеймани мен Ирактың Хашд әш-Шааби басшысының орынбасары Абу Маһди әл-Моһандес ДАИШ-тың жеңілуіне себеп болған адамдар. Ирак пен Сирия халықтарымен қоса аймақтағы бүкіл елдер қарсыласу қозғалысының шәһидтерін қадірлеуі керек",-деді.
Ол АҚШ әскерилерінің қажы Ғасем Солейманиді шәһид етуі әлем елдері мен халықтарына бұл елдің шынайы бейнесін көрсеткенін айтып: "Қарсыласу қозғалысы қолбасшыларының шәһид болуы америкалықтардың аймақтан шығуына ұласуы тиіс",-деп қуаттады.