Махмуд Аббас: "Ғасыр мәмілесі" жобасы орындалмайды
(last modified Wed, 29 Jan 2020 12:03:55 GMT )
Қаң 29, 2020 18:03 Asia/Almaty
  • Махмуд Аббас:

Палестина автономды құрылымының басшысы "Ғасыр мәмілесі" сионистік жобасының таныстырылғанына реакциясында: "Құдс сатылмайды. Бұл қастандық жобасы орындалмайды",-деп мәлімдеді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Махмуд Аббас сейсенбі күні кешке Палестина халқын бірігіп, елге қарсы жобаны жоюға шақырды.

Палестина автономды құрылымының басшысы Палестина мәселесін жоюға бағытталған қастандықтар, мәмілелер мен жобалардың жеңілістен басқа еш нәтиже бермейтінін айтып: "АҚШ Президенті Дональд Трамп пен сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың палестиналықтарға қарсы сөздеріне қатаң жауап береміз",-деді.

Махмуд Аббас "Ғасыр мәмілесі" жобасын Бальфур мәлімдемесінің соңғы тармағы деп атады. 

1917 жылы Ұлыбритания үкіметінің қолдауымен қабылданған Бальфур декларациясы жалған сионистік режимді құруға және Палестина жерін басып алып, халқын босытып жіберуге жағдай жасады.   

Тегтер