Ақп 02, 2020 18:46 Asia/Almaty
  • Тель-Авивте жүздеген адам

Ақпарат құралдары сенбі күні кешке Тель-Авивтің орталық бөлігінде жүздеген адамның Дональд Трамптың "Ғасыр мәмілесі" атты бейбіт жобасына қарсы шеруге шыққанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл наразылықтар Тель-Авивтің орталық бөлігінде халық, партиялар мен адам құқығын қорғау ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өтті.

Наразылар "Басқа да жол бар", "Біз АҚШ-тың жобасын қабылдамаймыз", "Бейбітшілікті қолдаймыз, Иордан өзенінің батыс жағалауының қосылуын қолдамаймыз" деп арабша-ивритше жазылған плакаттар ұстап, Трамптың жобасына қарсы шеруге шықты.   

 

Тегтер