Иранның келбетін бұзуға талпынған Нетаньяхудың масқарасы шықты
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i46160-Иранның_келбетін_бұзуға_талпынған_Нетаньяхудың_масқарасы_шықты
Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху жуырда осы режимнің қауіпсіздік комитетінің отырысында бір видео көрсетіп, Иранда коронавирустан қайтыс болғандардың мәйіттерінің қоқыс арасына көмілетінін айтты. Алайда кейін бұл видеоның 2007 жылы түсірілген бір телехикаяның бөлігі екені анықталды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 02, 2020 13:19 Asia/Almaty
  • Иранның келбетін бұзуға талпынған Нетаньяхудың масқарасы шықты

Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху жуырда осы режимнің қауіпсіздік комитетінің отырысында бір видео көрсетіп, Иранда коронавирустан қайтыс болғандардың мәйіттерінің қоқыс арасына көмілетінін айтты. Алайда кейін бұл видеоның 2007 жылы түсірілген бір телехикаяның бөлігі екені анықталды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  сионистік режимнің 13-ші арнасы бір репортажда осы режимнің Министрлер кабинетіндегі екі министрге сілтеме жасап: «Нетаньяху осы видеоны көрсеткеннен кейін сионистік режим Премьер-министрінің кеңсесі бұл фильмнің 2007 жылы АҚШ-та көрсетілген бір қысқа телехикаяға қатысты екенін анықтады»,-деп хабарлады.

Сионистік режимнің 13-ші арнасының хабарлауынша,  Нетаньяху дүйсенбі күні бұл видеоны Министрлер кабинеті мүшелеріне көрсеткен.

Нетаньяхудан бұрын да америкалық басшылар, соның ішінде Мемлекеттік хатшы Майк Помпео Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандарға қатысты ресми статистикасын бұрмаланған деп көрсетуге талпынды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ирандағы өкілі Кристоф Хамелман осы күнге дейін радио және телеарналарға берген бірнеше сұхбатында Иранның медициналық персоналы мен құрал-жабдықтарын мақтап, бұл елдің денсаулық сақтау жүйесін Батыс Азия аймағындағы ең үздік жүйе деп атады.