Йеменде 5 млн баланың жанына қатер төніп тұр
Сәу 30, 2020 16:43 Asia/Almaty
БҰҰ-ның Балалар қоры: «Коронавирус дағдарысы барысында жауын-шашынның толастамай жаууы салдарынан 5 млн-нан астам балаға тырысқақ пен іш өту ауруларына шалдығу қаупі төніп тұр»,-деп мәлімдеді.
ЮНИСЕФ-тің хабарлауынша, биылғы жылдың қаңтар айынан бері Йеменнің 331 ауданының 290 тырысқаққа шалдықты деген күдікпен 110 мыңнан астам адам тіркелді. Олардың төрттен бірін 5 жасқа толмаған балалар құрайды.
«Қызыл крест» халықаралық ұйымы Твиттердегі жеке парақшасында: «Әлемде коронавируспен күресуге талпыныс жасалып жатқан шақта 17 млн йемендік таза тұщы суға қол жеткізе алмай, қиын жағдайда қалып отыр»,-деп жазды.