Иран үшін Ирактың саяси-қауіпсіздік тұрақтылығы маңызды
ИИР-ның Иракта жаңа үкімет құрылуын қолдауы осы көршілес елдің саяси-қауіпсіздік тұрақтылығының Теһран үшін маңызды екенін көрсетеді.
Мостафа Каземи бастаған Ирактың жаңа үкіметі сәрсенбі күні кешке елінің Парламентінен сенім дауысын алды. Ирактың шығыстағы көршісі Иран алғаш болып, осы елдегі тұрақтылық тудырушы саяси үдеріске қолдау білдірді.
Ирактың маңызды көршісі Иран әрдайым осы елдегі бірлік пен тұрақтылық тудыратын ішкі шараларды қолдап, Ирак халқы мен заң шығарушыларының дауысына құрметпен қарайды. Иранның бұл қатынасы тату көршілестік пен басқа елдердің ішкі ісіне араласпау принципін сақтайтынын көрсетеді. Бұл екі елдің жақсы да сындарлы қатынас орнатуына негіз болып отыр.
Иран сыртқы саясатта, әсіресе көршілес елдермен қатынаста осы маңызды принцип пен қатынасқа көңіл бөлетіндіктен, Бағдадта оң саяси үдерістің қалыптасқанына бірден қолдау көрсетті. Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Твиттерде Ирак халқы мен Парламентін елде жаңа үкіметтің құрылғанымен құттықтап: «ИИР әрдайым Ирак халқы мен қалаулы үкіметінің жанында болады»,-деп қуаттады.
Көптеген ортақтықтар мен географиялық ықпалдарға байланысты Иран Ирактың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын өзі мен Батыс Азия аймағының қауіпсіздігі мен тұрақтылығы санайды. Осы аяда ДАИШ лаңкестік тобы Ирактың қауіпсіздігін, ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын нысанаға алған кезде Иран Ирак халқы, үкіметі мен армиясының жанында болды.
Иран мен Ирактың достық қарым-қатынасы мен өзара жауапкершілігі екі елдің мықты әріптестік орнату жолындағы қадамдарын нығайта түсті. Қазір Иран мен Ирак түрлі салада, әсіресе экономика саласында ең үздік қатынасқа ие.
Иранның әртүрлі салада экономикалық әлеуеті зор. Арақашықтықтың аздығы және валюта тұрғысынан тиімді болуына байланысты бұл әлеует Ирак үкіметіне қолжетімді. Сондықтан Ирак Иранмен экономикалық әріптестік аясында түрлі салалардағы қажеттіліктерін қамтамасыз ете алады.
Мықты қарым-қатынасты сақтаудың негізі тұрақты үкіметке ие болуда. Осы маңызды принципті назарға ала отырып, ИИР Ирак депутаттарының дауысына құрмет білдіріп, бұл елде жаңа үкіметтің құрылғанына қолдау көрсетті.