Палестина, Ливан мен Иран қарсыласу күші мен тұрақты ерік-жігерге ие
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i46820-Палестина_Ливан_мен_Иран_қарсыласу_күші_мен_тұрақты_ерік_жігерге_ие
Палестина Исламдық жиһады қозғалысыынң бас хатшысы дүйсенбі күні кешке ИИР қолдауымен аймақтағы қарсыласу ағымы келешегінің жақсы болатынын қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 19, 2020 11:34 Asia/Almaty
  • Палестина, Ливан мен Иран   қарсыласу күші мен тұрақты ерік-жігерге ие

Палестина Исламдық жиһады қозғалысыынң бас хатшысы дүйсенбі күні кешке ИИР қолдауымен аймақтағы қарсыласу ағымы келешегінің жақсы болатынын қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Зиад әл-Нахале Ливанның Al-Mayadeen арнасына берген сұхбатында ИИР қарсыласу ағымына жан-жақты қолдау көрсеткенін қуаттап: «Аймақтағы қарсыласу ағымы қазір бұрынғыдан да күшті»,- деді. Ол, сондай-ақ, Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы шәһид Ғасем Солейманидің аймақтың қарсыласу топтарына көрсеткен көмегі мен қолдауын еске алып: «Сардар Солеймани қарсыласу ағымына қолдау көрсетіп, өзінің шәһид болуымен қолдауын жалғастыруда. Имам Хомейни қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасын «Әлемдік Құдс күні» деп атап, Палестина мәселесінің исламдық әлемдік мәселе екенін жариялады»,- деп мәлімдеді.