Саудиялық коалиция Йемен үшін азық тиелген 20 кемені тоқтатты
Maм 26, 2020 15:31 Asia/Almaty
Al-Masira ақпарат арнасының мәліметінше, Йеменнің батысындағы әл-Хадиде портының басшылары саудиялық шапқыншы коалиция күштерінің 500 мың тоннадан астам жанармай мен азық-түлік тиелген 20-дан астам кемені тоқтатқанын хабарлады.
Йемен мұнай компаниясыынң баспасөз өкілі Амир әш-Шабатани бұдан бұрын: «Коронавирустың таралуына қарамастан саудиялық шапқыншы коалиция мұнай өнімдері мен азық-түлік тиелген кемелерге қарақшылық жасауды жалғастыруда. БҰҰ мен саудиялық коалиция пандемия кезіндегі Йемен халқының негізгі қажеттіліктермен қамтамасыз етілмеуіне жауапты»,- деді.
Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы да 12 миллион йемендіктің ашаршылықпен бетпе-бет келгенін мәлімдеді.