Саудиялық коалиция Йемен үшін азық тиелген 20 кемені тоқтатты
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i46915-Саудиялық_коалиция_Йемен_үшін_азық_тиелген_20_кемені_тоқтатты
Al-Masira ақпарат арнасының мәліметінше, Йеменнің батысындағы әл-Хадиде портының басшылары саудиялық шапқыншы коалиция күштерінің 500 мың тоннадан астам жанармай мен азық-түлік тиелген 20-дан астам кемені тоқтатқанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 26, 2020 15:31 Asia/Almaty
  • Саудиялық коалиция Йемен үшін азық тиелген 20 кемені тоқтатты

Al-Masira ақпарат арнасының мәліметінше, Йеменнің батысындағы әл-Хадиде портының басшылары саудиялық шапқыншы коалиция күштерінің 500 мың тоннадан астам жанармай мен азық-түлік тиелген 20-дан астам кемені тоқтатқанын хабарлады.

Йемен мұнай компаниясыынң баспасөз өкілі Амир әш-Шабатани бұдан бұрын: «Коронавирустың таралуына қарамастан саудиялық шапқыншы коалиция мұнай өнімдері мен азық-түлік тиелген кемелерге қарақшылық жасауды жалғастыруда. БҰҰ мен саудиялық коалиция пандемия кезіндегі Йемен халқының  негізгі қажеттіліктермен қамтамасыз етілмеуіне жауапты»,- деді.

Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы да 12 миллион йемендіктің ашаршылықпен бетпе-бет келгенін мәлімдеді.