Ливандағы наразылықтарда 42 адам жараланды
Маусым 13, 2020 10:14 Asia/Almaty
Бейрут пен Триполидегі жұма күнгі наразылар мен қауіпсіздік күштерінің қақтығыстары салдарынан 42 адам жараланды. Наразылар Триполидегі азық-түлік тиелген екі жүк машинасын өз бақылауына алмақ болды, бірақ әскерилер көз жасаурататын газ қолданып, олардың әрекеттеріне тосқауыл жасады. Наразылар Триполидегі Ливанның Орталық банкінің ғимаратын өртеді.