Риядта жарылыс болды
Маусым 23, 2020 14:08 Asia/Almaty
Саудиялық ақпарат құралдары сейсенбі күні таңертең Риядта қатты жарылыстың дыбысы естілгенін хабарлады.
Tasnim ақпарат агенттігінің мәліметінше, саудиялық ақпарат құралдары бұл жарылыстардың Йемен армиясы ұшқышсыз ұшақтары шабуылының салдары болғанын мәлімдеді.
Сауд Арабиясындағы әлеуметтік желілер белсенділерінің мәліметінше, жарылыстар Риядтың солтүстігін сілкінтті. Сондай-ақ, саудиялық ақпарат құралдары: «Сауд Арабиясы зымырандық-қорғаныс жүйесі йемендік ұшқышсыз ұшақтардың шабуылына қарсы тұрды»,- деді. Оқиғаның егжей-тегжейі жарияланған жоқ.