Иордан өзенінің батыс жағалауын аннексиялау жобасына байланысты Израильге қарсы қысым артты
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i47275-Иордан_өзенінің_батыс_жағалауын_аннексиялау_жобасына_байланысты_Израильге_қарсы_қысым_артты
Иордан өзенінің батыс жағалауын аннексиялау жобасының іске асырылуына бір апта қалған жағдайда сионистік режимге қарсы қысым артты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 23, 2020 17:09 Asia/Almaty
  • Иордан өзенінің батыс жағалауын аннексиялау жобасына байланысты Израильге қарсы қысым артты

Иордан өзенінің батыс жағалауын аннексиялау жобасының іске асырылуына бір апта қалған жағдайда сионистік режимге қарсы қысым артты.

«Ликуд» партиясының төрағасы Бениямин Нетаньяху мен «Кахол-Лаван» партиясының басшысы Бенни Ганц өткен сәуір айында кабинет құру ағымында Иордан өзенінің батыс жағалауы жерінің 30 пайызын басып алынған жерлер мүддесіне  аннексиялауға келіскен болатын. Бұл жобаны іске асыру қарсаңында сионистік режимге қарсы әртүрлі деңгейдегі қысым артты.

Басып алынған жерлердің ішкі  деңгейінде Нетаньяху кабинеті мүшелерінің ішінде шынайы қайшылық туындады. Бірінші шілдеден бастап бұл жобаның іске асырылуын қуаттаған Нетаньяху Бенни Ганцтың жобаның іске асырылуын кейінге қалдыруды сұрағанын хабарлап: «Қарсылық жалғасса, төртінші парламенттік сайлау өткізуді бұйырамын»,- деп ескерту жасады.

Палестинаның ішкі деңгейінде  Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы әртүрлі топтардың бұл жобаға қарсылық білдіруімен бірге Палестина автономиялық құрылымының ресми баспасөз өкілі Набил Абу Радине: «Палестина халқы ұзақ уақыт бойы күресті. Сондықтан бұл жаңа қастықтың іске асырылуына рұқсат етпейді»,- деді. Палестина халқы да шерулер өткізіп, сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауының 30 пайызын аннексиялау жобасын айыптады.

Әлемдік деңгейде де сионистік режимге қарсы қысым артты. Бір жақтан сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауының бөлімдерін аннексиялау жобасына қарсылық пен сын шынайы наразылыққа айналып, БҰҰ, Еуроодақ, Ресей, Қытай және бірқатар еуропалық, батыс мемлекеттердің өкілдері Иерихона қаласының оңтүстік дарбазасына жақын жердегі мыңдаған халық жиналған шеруге қатысты. БҰҰ адам құқығы кеңесі бүгін, сейсенбіде Женевадағы 43-ші отырысында сионистік режимге қарсы «Қалашықтар қарары» деп аталған қарарды 36 «оң», 2 қарсы» және 9 «қалыс» дауыспен бекітті. Бұл қарар Иордан өзенінің батыс жағалауындағы палестиналықтар жеріндегі сионистік режимнің өндірісіне санкция енгізуге шақырып, сондай-ақ, бұл кәсіппен айналысатын адамдарға халықаралық заңдар бойынша айыппұл салынатынын ескертті. Адам құқығы кеңесі 43 «оң» және 2 «қалыс» дауыспен бекіткен келесі қарарында палестиналықтардың өз тағдырын шешу құқықтарын қуаттады. Нетаньяхудың аннексиялау жобасына байланысты әлемдік қарсылықтарға қандай реакция білдіретіні белгісіз. Бірақ аталмыш жобаны іске асыру сионистік режимнің премьер-министрі үшін табыс болады деген ой тумайды. Өйткені, біріншіден, кабинетінің ішкі қайшылықтарын арттырады; екіншіден, палестиналық топтар бұл жобаның іске асырылмауы үшін шынайы ерік-жігер білдіруге дайын.