Аннексиялау жобасы алдағы үш айда орындалады
Маусым 25, 2020 13:48 Asia/Almaty
Сионистік режим барлау қызметінің басшысы: «Иордан өзенінің батыс жағалауын аннексиялау жобасы алдағы үш айда орындалады»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Юси Кюхен Иордан өзенінің батыс жағалауын аннексиялау жобасының қыркүйек айының соңына дейін орындалатынын айтып: «АҚШ сайлауынан кейін Израильдің осы жобаны орындайтынын ешкім кепілдендіре алмайды»,-деді.
Сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауын басып алынған жерлерге қосуға талпынуы көптеген елдер жоба туралы ескерту жасаған жағдайда болып жатыр.