Теһран мен Бағдад әскери-қорғаныс саласында өзара әріптестікті дамыту туралы кеңесті
ИИР-ның әскери атташесі Мостафа Морадиан мен Ирак Қорғаныс министрі Джоме Энад бүгін бейсенбі күні Бағдадта өткен жиналыста Теһран мен Бағдадтың әскери-қорғаныс келісімдерінің орындалу жолдарын талқылап, оны нығайтып, кеңейту қажеттігін баса айтты.
Сардар Мостафа Морадиан жиналыста ИИР-ның ғылыми-медициналық жетістіктері, соның ішінде АҚШ-тың зұлым әрі антигуманистік санкцияларына қарамастан, коронавируспен күрестегі жетістіктері жайлы баяндама жасады.
Ирак Қорғаныс министрі ИИР-ның Бағдадқа әртүрлі салаларда, соның ішінде лаңкестікпен күресуге көмектесуіндегі рөліне тоқталып, Иранның ДАИШ-пен күрестегі талпыныстарына алғыс айтты.
Сондай-ақ, тараптар жиналыста лаңкестікпен күресте Иран, Ресей, Сирия мен Ирак арасындағы төртжақты ақпарат алмасу орталығының жұмысын нығайту қажеттігін қуаттады.
Иран, Ресей, Сирия мен Ирактың қауіпсіздік саласында әріптесу және ақпарат алмасу орталығы 2015 жылы Бағдадта төрт елдің әскери атташелерінің қатысуымен құрылды.