Сауд Арабиясы королі ауруханаға жатқызылды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i47594-Сауд_Арабиясы_королі_ауруханаға_жатқызылды
Сауд Арабиясының ресми ақпарат агенттігі бұл елдің королі Салман ибн Абдул-Азиздің Риад ауруханасына жатқызылғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 20, 2020 14:58 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы королі ауруханаға жатқызылды

Сауд Арабиясының ресми ақпарат агенттігі бұл елдің королі Салман ибн Абдул-Азиздің Риад ауруханасына жатқызылғанын хабарлады.

 

Сауд Арабиясының ресми ақпарат агенттігі (Wass) король сарайының мәліметтеріне сілтеме жасап, өт қабының қабынуы және медициналық тексеруден өту мақсатында ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді. Салман ибн Абдул-Азиз 2015 жылдың қаңтар айында ағасы қайтыс болғаннан кейін таққа отырған Сауд Арабиясының жетінші королі. Ол Малек Абдул-Азиздің жиырма бесінші ұлы, қазір 84 жаста және Риад қаласында дүниеге келген.