Сионист әскерилер әл-Халильдегі ауруханалардың біріне шабуыл жасады
Там 30, 2020 18:30 Asia/Almaty
Сионистік режимнің әскерилері Иордан өзенінің батыс жағалауындағы әл-Халильдегі ауруханалардың біріне шабуыл жасады.
Palestine Al-Youm-ның мәліметінше, сионист әскерилер бұл шабуылында палестиналықтарға қарсы пластикалық оқтар мен көзді жасаурататын газ қолданды. Сионистердің шабуылы ағымында кемінде 25 палестиналық жарақат алды. Сионистер өздерінің билеп-төстеу мақсатына жету үшін күн сайын Палестинаның әртүрлі аймақтарына шабуыл жасап, негізсіз уәждерімен палестиналықтарды тұтқындайды.