Қыркүйек айында 300-ден аса палестиналық қамауға алынды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i48512-Қыркүйек_айында_300_ден_аса_палестиналық_қамауға_алынды
Израиль әскерилері қыркүйек айында 300-ден аса палестиналықты қамауға алды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 04, 2020 20:18 Asia/Almaty
  • Қыркүйек айында 300-ден аса палестиналық қамауға алынды

Израиль әскерилері қыркүйек айында 300-ден аса палестиналықты қамауға алды.

Израиль режимінің әскерилері қыркүйек айында Құдс пен Иордан өзенінің батыс жағалауының түрлі аудандарында 339 палестиналықты қамауға алды. Олардың арасында 4 әйел мен 8 бала бар.

Ұсталғандардың ең көбі – Әл-Халил облысында 87 адам, Құдс қаласында 85 адам.  

Сондай-ақ, Хамас қозғалысының баспасөз қызметі қыркүйек айында 2 палестиналықтың Израиль әскерилерінің оғынан қаза тауып, 66 адамның жараланғанын хабарлады.