Насролла: Израиль, АҚШ пен Сауд Арабиясы маған қастандық жасауды көздейді
(last modified Mon, 28 Dec 2020 12:19:32 GMT )
Жел 28, 2020 18:19 Asia/Almaty

Ливан Хизбулласының бас хатшысы осы партия жетекшілері мен қолбасшыларын нысанаға алудың АҚШ пен сионистік режимнің ортақ мақсаты екенін айтып: «Кейбір дереккөздері тарапынан соңғы кезде маған қастандық жасалу ықтималы туралы түрлі ескертулер жасалды»,-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Хасан Насролла жексенбі күні кешке Al-Mayadeen телеарнасына берген сұхбатында: «Мен сардар Солеймани шәһид болғанға дейін де, кейін де АҚШ пен сионистік режимнің нысанасына алынып келемін. АҚШ президенттік сайлауына дейін бұл салада талпыныстар көп жасалды, өйткені Трамп сайлауға әсер ету үшін осындай іс-әрекеттерді қажет етті»,-деді.

Сейіт Хасан Насролла тіпті Сауд режимінің оған қастандық жасауды көздейтінін айтып: «Саудиялық тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман  АҚШ-қа сапарында бұл елден осы істі атқаруды сұрады»,-деді.

Насролла: «Сардар Солейманиге жасалған қастандық америкалықтардың ғана қылмысы емес. Израиль мен Сауд Арабиясының да бұл қылмысқа қатысы бар»,-деді.  

Тегтер