Сирияның Мұнай министрі: АҚШ қарақшылар сияқты мұнай ресурстарын тонауда
Нау 19, 2021 16:31 Asia/Almaty
Сирияның Мұнай және минералды ресурстар министрі АҚШ пен оған тәуелділердің Сирияның мұнай ресурстарын нысанаға алып, ұрылар сияқты әрекеттенуін мәлімдеді.
Басам Тааме: «АҚШ басып алған Сирияның шығысы мен солтүстік-шығысындағы мұнай қоры елдегі мұнайдың 90 пайыздан астамын құрайды. Сирияның мұнайға бай аймақтарын басып алып, американдықтар өзіне тәуелді элементтер Түркия мен Джабхат ан-Нусра террористерінің ынтымақтастығымен мұнайды тонағысы келеді»,- деді.
Сирияның солтүстік және шығыс аймақтары бұрыннан АҚШ пен Түркия және олардың қарамағындағы күштермен басып алынған.