Иран Президенті сейіт Хасан Насроллаға хат жолдады
(last modified Thu, 02 Sep 2021 12:08:26 GMT )
Қыр 02, 2021 18:08 Asia/Almaty
  • Иран Президенті сейіт Хасан Насроллаға хат жолдады

Иран Президенті сейіт Ибраһим Раиси Ливан Хизбулласының бас хатшысы сейіт Хасан Насроллаға құттықтау хаты үшін алғыс айтты.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы хатта "Ливан Хизбулласы Сіздің қырағы басқаруыңыз, мүмін əрі революцияшыл жастардың талпыныстары жəне қарсыласу қозғалысы шəһидтерінің таза қаны арқасында жеміс берген миуалы ағаштай",-делінген. 

Иран Президенті осы жолдауда: "Исламдық қарсыласу қозғалысы аймақтың тыныштығы мен қауіпсіздігін нығайтып, халықаралық лаңкестік жəне тəкфирлік лаңкестікпен күресте айрықша рөл ойнайды. Осы жағдай революциялық-джиһадтық ағымды аймақтық теңгерімде салмағы бар ықпалды күшке айналдырды",-деді. 

Раиси: "Аймақ пен əлемдегі ешбір саяси, əскери және қауіпсіздік күш Хизбулланы назардан тыс қалдыра алмайды",-деп еске салды. 

Тегтер