Қыр 30, 2021 19:37 Asia/Almaty
  • Екі палестиналық сионистік әскерилердің оғынан қаза тапты

Сионистік режимнің әскерилері Иордан өзенінің батыс жағалауында және басып алынған Құдста бір палестиналық әйел мен еркекті оққа ұшырды.

«Палестина әл-Яум»  агенттігінің бейсенбі күні хабарлауынша, сионистік әскерилер басып алынған Құдста палестиналықтармен қақтығыс барысында бір әйел мен еркекті атып тастады. Сионистер осы қылмыс жайлы: «Бұл палестиналық әйел сионистік режим әскерилеріне суық қарумен шабуыл жасамақшы болды»,-деп уәж айтты.

Сионистер басып алынған Құдсқа айуандықпен шабуыл жасап, палестиналық азаматтарға қарсы соғыс оғын пайдаланды.

Бүгін де сионистер Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан Дженин қаласына шабуыл жасап, соның салдарынан бір палестиналық шәһид болды.   

Тегтер