Сирияда əскери автобустың жолында жарылыс болып, 14 адам қаза тапты
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i56048-Сирияда_əскери_автобустың_жолында_жарылыс_болып_14_адам_қаза_тапты
Ақпарат көздері Дамаскта Сирия армиясына тиесілі əскери автобустың жолында жарылыс болып, 14 адам қаза тапқанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 20, 2021 19:02 Asia/Almaty

Ақпарат көздері Дамаскта Сирия армиясына тиесілі əскери автобустың жолында жарылыс болып, 14 адам қаза тапқанын хабарлады.

САНА ақпарат агенттігінің сəрсенбі күні хабарлауынша, Сирия астанасы Дамаскта əр-Раис көпірінің астынан əскери автобус өтіп бара жатқанда жарылыс болды.Жарылыстың себебі - автобус жолына қойылған екі бомба.

Осы мəлімет бойынша саперлер жол бойына қойылған үшінші бомбаны залалсыздандырды.

Медициналық дереккөздері жарылыста 14 адам қаза тауып, 3 адам жараланғанын айтты.Əлі ешбір тарап жарылысқа жауапкершілік алмады.