Амир Абдоллахиан мен Сейед Хасан Насролла кездесті
(last modified Sat, 26 Mar 2022 01:50:33 GMT )
Нау 26, 2022 07:50 Asia/Almaty

Бейрутқа жақында ғана келген Иран Сыртқы істер министрі Ливан Хизболла қозғалысының бас хатшысымен кездесті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдоллахиан  жұма Ливан Хизболла қозғалысының бас хатшысы  Сейед Хасан Насролламен кездесті. Хабарда айтылғандай, кездесуге Иранның Бейруттағы елшісі Мұхаммад Жалал Фирузниа да қатысып, екі жақ Ливан мен аймақтағы соңғы саяси оқиғаларды талқылады. Ливанда Хұсейн Амир Абдоллахиан Ливанның жоғары лауазымды тұлғаларымен, соның ішінде Премьер-министрі Наджиб Микати және Ливан Сыртқы істер министрі Абдулла Бухабибпен кездесті.

 

Тегтер