Сионистер басып алынған Палестинадағы қақтығыстың кеңеюіне алаңдауда
(last modified Sat, 23 Apr 2022 11:09:07 GMT )
Сәу 23, 2022 17:09 Asia/Almaty
  • Сионистер басып алынған Палестинадағы қақтығыстың кеңеюіне алаңдауда

Сионистік режим басып алынған Құдс пен әл-Ақса мешітіндегі шиеленістердің күшеюінен кейін қақтығыстың Палестинаның басып алынған басқа қалаларына таралуына алаңдаушылық білдірді.

Сионистік әскерилер мен қоныстанушылар қасиетті Рамазан айы басталғалы соңғы үш аптада жүздеген палестиналық пен мұсылманды өлтіріп, жаралап, тұтқындап, қылмыстарын күшейтіп, әл-Ақса мешітіне шабуыл жасап, Палестина мен мұсылмандардың қасиетті жерлерін қорлады. Жұма күні (кеше) сионистік әскерилер әл-Ақса мешітіне шабуыл жасап, палестиналық намаз оқушылармен қақтығысты және оларға қарсы оқ атып, бірқатар палестиналықты жаралады.

 

Тегтер