Түркия шекарасы арқылы 80 лаңкес Сирияға кірді
Сәу 24, 2016 21:21 Asia/Almaty
Ресей Қорғаныс министрлігі: "Ішінде «ән- Носрат» майданының 80 лаңкес мүшесі бар бір топ Түркия шекарасы арқылы Сирияның солтүстігіндегі Идлиб облысына кірді" деп мәлімдеді.
ИСИМ және «ән- Носрат» майданы лаңкестік топтары Қауіпсіздік Кеңесінің қарары бойынша Ресей мен Американың бітім орнату және Женевадағы Сирия бейбітшілік келіссөздеріне қатысу келісіміне кірмейді. Сириядағы дағдарыс 2011 жылы АҚШ пен оның одақтастарының, соның ішінде Сауд Арабиясы, Катар және Түркия қолдап отырған лаңкестік топтардың жаппай шабуылымен басталды. Лаңкестердің шабуылынан бес жылдан астам уақыт өтсе де Сирия үкіметі мен халқы табандылық танытып, берілмей отыр.
Тегтер