Муктада Садр Ирак Парламенті таратылып, мерзімінен бұрын сайлау өткізілуін талап етті
(last modified Thu, 04 Aug 2022 13:38:49 GMT )
Там 04, 2022 19:38 Asia/Almaty
  • Муктада Садр Ирак Парламенті таратылып, мерзімінен бұрын сайлау өткізілуін талап етті

Ирактағы Садр қозғалысының басшысы осы елде Парламент таратылып, мезгілінен бұрын сайлау өткізілуін талап етті.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Муктада Садр теледидар арқылы сөйлеп: "Парламент таратылғаннан кейін демократиялық негізде мерзімінен бұрын сайлау өтеді, сонда ескі тұлғаларға орын болмайды",-деді.  

Муктада Садр Ирак халқының көбі, соның ішінде биліктің барлық сатысындағы адамдар мен Садр қозғалысы күштерінің шаршағанын айтып: "Ереуілшілер өз талаптары орындалғанға дейін ереуілді жалғастыра беруі керек",-деді.

Тегтер