Муктада Садр Ирак Парламенті таратылып, мерзімінен бұрын сайлау өткізілуін талап етті
Там 04, 2022 19:38 Asia/Almaty
Ирактағы Садр қозғалысының басшысы осы елде Парламент таратылып, мезгілінен бұрын сайлау өткізілуін талап етті.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Муктада Садр теледидар арқылы сөйлеп: "Парламент таратылғаннан кейін демократиялық негізде мерзімінен бұрын сайлау өтеді, сонда ескі тұлғаларға орын болмайды",-деді.
Муктада Садр Ирак халқының көбі, соның ішінде биліктің барлық сатысындағы адамдар мен Садр қозғалысы күштерінің шаршағанын айтып: "Ереуілшілер өз талаптары орындалғанға дейін ереуілді жалғастыра беруі керек",-деді.