Там 28, 2022 22:42 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің түрмесінде жатқан мың палестиналық тұтқын аштық акциясын бастайды

1000 палестиналық тұтқын сионистік режимнің түрме қызметкерлерінің дөрекі қатынасы, басып-жаншу әрекеті мен тұтқындардың құқықтарына көңіл аудармауына наразылық ретінде аштық жариялады.

"Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Палестиналық тұтқындар істері жөніндегі жоғары комитет жексенбі күні мәлімдеме жасап: "Сионистік режим түрмелерінің әкімшілігі палестиналық тұтқындарға қарсы ұйымдасқан дөрекілігін тоқтатпаса және бұл тәсілін өзгертпесе, мың палестиналық тұтқын бейсенбі күннен (1 қыркүйек) мерзімі шектеусіз аштық жариялайды",-деп хабарлады.

Палестинаның барлық қарсыласу топтарының өкілдерінен құралған бұл комитет: "Бірінші кезеңде мың палестиналық тұтқын 1 қыркүйектен бастап аштық акциясын бастайды, екінші кезеңде оларға басқа палестиналық тұтқындар қосылады",-деді.  

Тегтер