Иран мен Түркияның экономикалық ынтымақтастықтарын кеңейту тақырыбында форум өтті
(last modified Sat, 30 Apr 2016 15:51:41 GMT )
Сәу 30, 2016 21:51 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркияның экономикалық ынтымақтастықтарын кеңейту тақырыбында форум өтті

Теһранда Сауда палатасында Иран мен Түркияның экономикалық ынтымақтастықтарын кеңейту тақырыбында форум өтті.

Теһран Сауда палатасының төрағасы Масуд Хансари санкциялар кезінде Иран мен Түркияның экономикалық ынтымақтастықтарының жалғасқанына сілтеме жасап: «Иран мен Түркияның экономикалық потенциалы экономика саласының белсенділері мен өнеркәсіп иелеріне жақсы танылған» деді.

Хансари Түркияны Иранның төртінші сауда серіктесі деп атап: «Екі ел мұнай- химия, киім- кешек, электр өндіру, энергия, пластикалық өнеркәсіп және шикізат негізінде ортақ инвестиция жасай алады» деді.

Теһран сауда палатасының төрағасы: «Түркияның еркін сауда аймақтарына инвестиция салуды жалғастыруы екі елдің байланысын одан әрі нығайта алады» деді.

Иран мен Түркияның экономикалық ынтымақтастықтарын кеңейту отырысы бүгін, сенбі күні Ыстамбұл өнеркәсіп палатасының төрағасы Ардал Бағчебан, Теһран Сауда палатасының төрағасы Масуд Хансари және Иран мен Түркияның бір топ белсенді азаматтарының қатысуымен Теһранда өтті.