Жел 04, 2022 20:43 Asia/Almaty
  • Бахрейн халқы сионистік режим басшысының осы елге сапарына қарсылық білдірді

Бахрейн халқы тағы наразылық акциясын өткізіп, сионистік режимнің басшысы Ицхақ Герцогтың осы елге келуіне қарсы екендерін жариялады.

Израиль басшысы Ицхақ Герцог жексенбі күні Бахрейн әуежайына барды.

Өткен күндері Бахрейннің түрлі аудандарында сионистерді айыптаған шерулер өтті.  

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әлеуметтік желілерде таралған видеолар бойынша, бахрейндіктер елдің түрлі өңірлерінде Ицхақ Герцогтың Манамаға сапарын айыптап шеру өткізіп жатыр.  

Әл-Мирах қалашығының халқы шеру өткізіп, Халифа әулеті режимінің сионистік режиммен бітім жасауын және Ицхақ Герцогтың сапарын айыптап,  Палестина халқын қолдайтындарын жариялады.

Шерушілер "Қарым-қатынасты қалыптандыру – қиянат", "Бахрейн – сионистердің қабірстаны", "Қарсыласу, қарсыласу" деп ұрандатып, сионистік режимнің туын таптады.

Осыған ұқсас шеру Аддия қалашығында да өтті. Шерушілер Ицхақ Герцогтың сапарына және қарым-қатынасты қалыптандыруға қарсы плакаттар ұстап шығып, сионистерге қарсы ұрандатты. Олар сондай-ақ Палестина туын желбіретіп, "АҚШ-қа өлім", "Израильге өлім" деп ұрандатты.

Дамастан қалашығында да халық саяси тұтқындардың ешбір шартсыз босатылуын талап етіп, шеру өткізді.

2020 жылы қыркүйек айында Бахрейн мен БАӘ АҚШ-тың арағайындығымен Израиль режимімен қарым-қатынасты қалыптандыру туралы екі келісімге қол қойды.

Тегтер